ТАҚЫРЫПТЫҚ КЕШ ӨТТІ
Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Бұл күнді атап өту – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбектің бүгінгі белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Еліміздегі салиқалы саясаттыӊ арқасында тұрақты даму, толерантты өмір қалыптасып, халқымыздыӊ әл-ауқаты артуда.
Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап еліміз үшін еӊ бір маӊызды бағыттыӊ бірі ұлттық қауіпсіздік болғаны белгілі. Осы міндеттіӊ бір тармағы — еліміздіӊ тәуелсіздігін, егемендігін қорғау, бейбіт күнді күзету міндеті Шекара қызметіне де жүктелді.
ҚР ҰҚК ШҚ Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасының клубында тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы подполковник Сарымсақов Данияр Рамазанұл, тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері майор Алтынбек Манарбекұлы және кітапхана меңгерушісі Әбсеметова Камила Дүйсембайқызының ұйымдастыруымен мемлекетіміздің ең басты құндылығы – 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 32 жылдығына орай «Қазақстан-қуатты тәуелсіз мемлекет» атты тақырыптық кеш өткізілді.
Кеш барысында Әнұран шырқалып, тарихымызға көз жүгіртумен қатар әскери қызметшілерлдің де құттықтау сөздері тыңдалып, «Тәуелсіздік шежіресі» атты бейнеролик көрсетіліп, ұлттық рухты жанитын патриоттық әндер шырқалды.
Кеш соңында Абай атындағы орталық кітапхана қызметкерлері Тәуелсіздігіміздің дамуы мен мемлекет ретінде қалыптасуын, сондай-ақ еліміздің жеткен жетістіктері мен толағай табыстарын баяндайтын «Мәңгілік елдің тұғыры-Тәуелсіздік» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып библиографиялық шолу жасады.
Мекемемізде мереке қарсаңында өткізіліп отырған бұл шара барлық қонақтар мен әскери қызметшілерлдің де есінде көпке сақталары сөзсіз. Ең бастысы, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бейбіт күніміз шуақты болсын!
Жамбыл ауданы бойынша Шекара басқармасы
Тәрбие идеологиялық және кадрлық жұмыстар бөлімінің аға офицері майор Алтынбек Манарбекұлы