ТАЛАС АУДАНЫНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында 80 пәтерлі көп қабатты тұрғын үй қайта қалпына келтіріліп пайдалануға берілді.

Салатанатты шараға аудан әкімі қатысып, қоныс той иелерін қуанышымен құттықтап, пәтер кілттерін табыс етті.

«Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қазақстандықтарды баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы қарқынды жүріп жатқанын білесіздер. Елімізде соңғы жылдары экономиканың өрлеуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы мақсатында Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық дамуының басым бағыттарының бірі ретінде тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істеуде.

Осыған байланысты Қаратау қаласындағы бос қалған көпқабатты үйлерді қайтадан күрделі жөндеуден өткізіп, ел игілігі үшін пайдалануға беру жұмысы қарқынды жүргізілуде.

Қаламыздағы Бауыржан Момышұлы көшесінде орналасқан бес қабатты 80 пәтерлі көпқабатты үй қайта жөндеуден өтіп, ел игілігіне ұсынылғалы отыр. Бүгін 80 отбасына жаңа пәтерлердің кілті табыс етіледі. 80 отбасы қоныс тойын тойлайды. Бұл баршамыз үшін үлкен қуаныш. Мұндай қуанышты сәттер болашақта да жалғасын таба береді»-деді аудан басшысы.

Қайда жөндеуден өткен үйдің кілттері кезекте тұрған көпбалалы жанұяларға, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен зейнеткерлерге табыс етілді.
________
#talasakimdigi