ТАЛАС АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбековтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңес отырысы өтті.
Бас қосуға Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, кеңес мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімдігінің тиісті бөлім, қала және ауылдық округ әкімдері, Қаратау қаласындағы мекеме, кәсіпорын басшылары, оқу орындары, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғамдық және жастар ұйымдарының жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында жас кәсіпкерлерді қолдау, жастардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, ауылдық округтерде Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты» туралы Заңының орындалу барысы және жастардың жұмыспен қамтылу деңгейі қаралды.
Аудан басшысы өз кезегінде жауаптыларға кеңес отырысында көтерілген барлық тапсырмаларды өз деңгейінде орындап, мемлекеттік жастар саясатын жандандыруды тапсырды.

#talasakimdigi