ТАЛАС АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Бүгінде аудан бойынша кәсіпкерлік саласын дамыту негізі қалыптасып, жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында тиісті шаралар атқарылуда.
Нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес, халықтың әлеуметтік тұрмыс-ахуалын жақсарту басты орынға қойылған. Сондықтан қазіргі таңда кәсіпкерлікке бетбұрыс жасау маңызды.
Кез-келген азамат кәсіпкерліктің түпкілікті құрылымын зерттей отырып, табыс көзін арттыруға бейімделу керек.
Талас ауданында бизнес жобаны мақсатты түрде игеріп, өз алдына дербес кәсіп көзін ашуды қолға алған азаматтар қатары жетерлік.
Осы орайда кәсіпкерлік саласында өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсек.
2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында шағын және орта кәсіпкерлік мәртебесімен ауданда 2 753 кәсіпкерлік субъекті тіркелген, олардың 181 шағын-орта кәсіпорын, 1731 жеке кәсіпкер және 841 шаруа қожалықтар.
Осы тіркелген субъектілердің 2 222 немесе 80,7 пайызы жұмыс істейді. Талдайтын болсақ, жұмыс істейтіндер 2 222, шағын кәсіпорын саны -130, 1298 жеке кәсіпкер және 794 шаруа қожалықтар.
Халықтың тұрмысына тікелей әсерін тигізетін кәсіпкерлік саласының күретамырына қан жүгірсе, елдің жағдайы жақсарады. Сондықтан мемлекет шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін ауқымды қолдаулар жасауда. Осынау игілікті аудан тұрғындары пайдаланса, әлеуетіміз артатыны анық.
Көркем Асқар