🔰Талас ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда

Талас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және Қаратау қаласы N°12 Өрт сөндіру бөлімі және аудандық газ шаруашылығының қызметкерлерімен бірлесе отырып Тамды ауылының тұрғын үй секторын аралау жұмыстарын жүргізу арқылы профилактикалық іс шаралар жүргізілді.
Тұрғын үйлерді аралау-өрттің және өрт кезінде орын алатын адам қазасының санын азайтуға әсер ететін профилактикалық әдістердің бірі. Үйлерді аралау кезінде қызметкерлер тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсінік жұмыстарын жүргізіп, өрт кезіндегі іс-қимылдарын түсіндірді.
Үйден шықпас бұрын, барлық электр жылытқыштар және құрылғылар өшірілгеніне көз жеткізуді естен шығармаңыз.
-мұржаларды уақтылы тазалап, пештерді жөндеу қажет;
-ақауы бар жылыту аспаптары мен газ жабдықтарын пайдаланбаңыздар;
Өрт шыққан жағдайда дереу 《101》, 《112》нөміріне қоңырау шалыңыз.
Өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау — Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі болып табылады.