Талас ауданы бойынша ревакцинациялауға жататын 5179 адам бар. Бүгінгі күнге ауданда ревакцинациядан өткендер саны – 7375 адам. Оның ішінде: отандық «QazVac» вакцинасын алғандар саны – 5661 адам болса, ресейлік «Спутник Лайт» вакцинациясын 500 аудан тұрғыны қабылдаған. Одан бөлек, ауданда ревакцинациялауға қытайлық «Sinopharm» вакцинасы қол жетімді. Қытайлық вакцинамен егілген аудан тұрғындарының саны – 1214 адам.