ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІ ҮЗДІК АТАНДЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Жыл үздігі – 2023» спорттық номинациясы жеңімпаздарын марапаттау салтанаты ұйымдастырылған болатын.
Аймақ басшысы өңірдегі дене шынықтыру мен спорт саласының дамуына қосқан үлесі мен жетістігі үшін бірқатар азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады.
Сондай-ақ, жыл көлемінде әлемдік ареналарда атой салған саңлақтармен, спортты дамыту жолында еңбек еткен сала қызметкерлерін «Жыл үздігі – 2023» спорттық номинациясымен марапаттады.
Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі «ҮЗДІК СПОРТ БӨЛІМІ» номинациясында жеңімпаз атанды.