Таласта «Келешектің тұтқасы- білімді ұрпақта» атты форум өтті
Балалар жылына орай, Талас ауданында спорттық іс-шара өтті.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттілігін айта келе, осы жылды “Балалар жылы» деп жариялады.
Осы орайда, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Талас ауданының білім бөлімінің қолдауымен, «Жұлдыз» аула клубының ұйымдастыруымен балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Келешектің тұтқасы — білімді ұрпақта» атты форум өтті.
Шараға Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы, Талас ауданының құрметті азаматы Сәулембай Әбсадықұлы, Жамбыл облысының құрметті ардагері және Талас ауданының құрметті азаматы Тоқтыбаев Базылхан Жұртшыбайұлы, Талас ауданының әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Сагинбекова Сауле Жақсылыққызы, «Жұлдыз» аула клубының директоры Бескемпирова Айгул Шаймерденқызы және клуб қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Сәулембай Әбсадықұлы оқушыларды оқу жылының аяқталумен құттықтап, жазғы демалыстарын осындай құндылықтары бар іспен айналысуға шақырды. Тоқтыбаев Базылхан Жұртшыбайұлы балаларға жаңа Қазақстанның болашағы жастардың қолында екендігін тілге тиек етіп, ізгі лебізін білдірді. Өз кезегінде,
Талас ауданының білім бөлімінің әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Сагинбекова Сауле Жақсылыққызы құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тілегін білдірді.
Жарысқа жеті мектеп, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназия, Мектеп-лицей, Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебі, С. Сейфуллин атындағы орта мектебі, А.С. Пушкин атындағы орта мектебі, Амангелді орта мектебі оқушылары қатысты.
Балалар «Алаңдағы тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бес тас» ойындарынан бақ сынасты. «Келешектің тұтқасы- білімді ұрпақта» атты форумның қорытындысы аудандық Ұлбике ақын атындағы мәдениет үйінде өткізілді.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі