ТАЛАСТА МЕРЕКЕЛІК ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ

ЖАҢА ЖЫЛ 2024: МЕРЕКЕЛІК ШЫРША ШАМЫ ЖАҒЫЛДЫ
Аудан ажары бүгін ерекше сұлулана түскен. Жақындап келе жатқан мереке­нің дүбіріне қоса Жаңа жылға безендірілген шырша көрінісі балаларға мерекелік тамаша көңіл-күй сыйлап тұрды.
«Жаңа жыл – біздер, жастар, бүлдіршіндер асыға күтетін отбасылық мейрам. Сондықтан, біз балалар жақсы көретін мерекеде шыршаны орнаттық. Ендеше, жаңа жыл баршамызға жақсылық әкелсін!
Әрбір бастаған жұмыстарымыз табысты аяқталып, ынтымағымыз нығая берсін!» – деп аудан басшысы Нұрбол Әбдімәжитұлы лебізін білдірді. Мерекелік шарада Аяз ата мен ақшақарлар мерекелік шеру ұйымдастырып, ертегілер әлемінің әртүрлі кейіпкерлері балалармен ән шырқап, би биледі. Жарқыраған ойыншықтар мен жарықшамдар орнатылған.
Мұнымен қоса барлық деңгейдегі мәдениет және білім ұйымдарында түрлі форматтағы мерекелік концерттер өткізілуде. Бүгінгі аудан әкімінің жүзден аса балаға сыйлық таратып, жаңа жылдық шыршаға жиналу шарасы, салтанаты әсерлі өтті
Ата-аналармен балалар мәз-мейрам болып, ризашылықтарын білдіріп жатты.
Мақсат Арапұлы Қазанғапов,
Талас ауданы білім бөлімінің басшысы