Таластық ардагерлер аттың құлағында ойнайды

Талас ауданының орталығы — Қаратау қаласының Атшабарында 50 жастан асқан ардагерлер арасында көкпар өтті.

♦ Жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі, ұлттық ойын – көкпар.

Ер жігіттің ат құлағында ойнайтын шеберлігі, ептілігі мен күш-қайраты сыналатын осынау ұлттық ойын түрі Талас ауданында кеңінен етек жайып, ерекше қарқынды дамып келеді.
♦ Көкпар командалық емес, жеке қатысушылармен өткiзiлгендiктен әр шабандоз өзінің үміт артты. Сайысқа қатысушы көкпаршылар білек күші мен ат құлағында ойнайтын шеберлігін сарапқа салды.
Сайысты тамашалауға Қаратау халқы мол жиналды.
♦ Аталмыш жарысқа аудан әкімі Қанатбек Мәдібек қатысты.
Аудан басшысы қариялармен кездесіп, жарысқа қатысушы ардагер көкпаршыларға сәттілік тіледі. Одан бөлек, ауданымыздың ат спорт түрінің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін төсбелгілерімен марапаттады.
♦ Бүгінгі өткен көкпарда демеушілікті аудан тұрғындары мен көкпар жаңашырлары атынан 700 000 теңгедей жиналып, әр салымға 30 000 теңгеден табысталды.

♦ Қазақ қыраннан қырағылықты, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Ендеше ендігі парыз келешек ұрпаққа аманат ету.

 Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі