ТАЛАСТЫҚТАР ТАРАЗ ТӨРІНДЕ


Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде (амфитеатр) Талас ауданы көркемөнерпаздарының «Әуенді Тараз кештері!» атты концерті өтті.

✅️Ұлттық өнерді кеңінен насихаттап, жазғы мезгілде ашық аспан астында өңір тұрғындары мен қонақтарының бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған шарада Талас ауданы көркемөнерпаздары әсем әннен шашу шашты.

✅️Концерттік бағдарлама аясында «Қазағым-ай», «Таласым», «Үш бақытым», «Туған жер», «Мен қазақтың ұлымын», «Көк шолақ», «Үш бақытым», «Сүгірдің термесі», Шәмші әндерінен папури және т.б ескі һәм есті шығармалар орындалды.

✅️Сондай-ақ, «Уesterday», «Таң сыры», «Мен сіздерді жақсы көремін», «Жүрегімде жүрсің сен», «Әппағым», «Бауыр керек», «Үрбибі» т.б бірқатар заманауи әндер шырқалды.

✅️Айта кету керек, іс-шара ағымдағы жылдың 26 тамызына дейін аудан өнерпаздарының қатысуымен әр аптаның жұма күндері «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде өтетін болады.

Жамбыл Облысы Мәдениет Басқармасы