Таластықтар жылды толайым табыспен тәмамдады
Қорытынды есепке облыс әкімінің орынбасары Нұржан Календеров, аудандық мәслихаттың хатшысы Қадірбек Садубаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, кәсіпорын, мекеме, ұйым басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, аудан тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Осыған дейін, ауыл, ауылдық округтерде есеп берген аудан басшысы бұл кездесуінде 2021 жылы атқарылған шаруаларды тізбелеп, слайд арқылы баяндап берді.
Аудан әкімінің есебінде айтылғандай өткен жылы әр салада оңды өзгерістер байқалады.
Есепті жыл ішінде аудандағы жалпы өндірілген өнімнің және қызметтердің көлемі 51 млрд.138 млн. теңгені құрады. Оның ішінде, өнеркәсіп саласы бойынша 24,0 млрд. теңге, ауыл шаруашылығы саласы бойынша 16,6 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 102,7 % құрады.
Инвестиция бойынша ауданға есепті жыл ішінде 19,0 млрд. теңге тартылса, сауда саласы 2,8 млрд. теңгені құрады.
Одан бөлек, жыл ішінде 24708 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, құрылыс саласы 7,6 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар,
аудан әкімі автомобиль жолдарының жөнделуі, құрылыс, ауыз су, тұрғын үй құрылысы, аудан бюджетінің кірістер
бойынша қол жеткен
жетістіктері, әлеуметтік қорғау, еңбек нарығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, қылмысқа қарсы күрес жайлы кеңінен баяндап берді.
Сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды да жиынға
қатысушылардың назарына ұсынды.
Жиынға қатысушылар
әкім есебін жылы қабылдады. Есепті жиында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берді.
Мұнан соң қорытынды сөз облыс әкімінің орынбасары Нұржан Сәбитұлы Календеровке берілді.Ол өз сөзінде облыс бойынша атқарылған жұмыстар мен алға қойған міндеттерді баяндады.