Талғардағы балалар интернатынан үрейлі дыбыстар шыққан: полиция тергеуді бастады
Желіде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатында үрейлі дауыстар шыққан видео тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео kris_p_talgar_2 Instagram-парақшасында жарияланды.
«Қателеспесек, 20 секундта «Қазір басыңды жарамын», ал 27 секундта былапыт сөздер естілді», — делінген жазбада.
Оқиға 27 қарашада болған.
Алматы облысы бойынша Тергеу департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов бұған назар аударып, жазбаға пікір қалдырған.
«Қайырлы кеш. Мән-жайды анықтау Талғар аудандық ПД қызметкерлеріне тапсырылды. Жүргізіліп жатқан іс-шаралардың барысы Алматы облысының Полиция департаментінде бақылауға алынды. Белгілеп жатқандарыңызға рақмет», — деп жазған ол.
Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/75481/?utm_source=smi24
С. Бөлек