Талқан өндірісіне қолдау қажет
Талқан — қазір таңсық ас. Наурыз бен Құрбан айтта, Ораза айында ғана дастарқан мәзірінен көретініміз рас. Осыған қарап-ақ, «талқанға айтарлықтай сұраныс жоқ екен» деп ой түюге әбден болады. Десек те, талқан өндіруді кәсіп еткен Қарағанды облысының Ұлытау ауданындағы «Бас көң» шаруа қожалығы бұл пайымымызды теріске шығарғандай…
Төл тағамдарымыздың қатарынан орын алған талқанның қазақ ас мәзіріндегі орны ерек. Құнарын былай қойғанда, емдік қасиеті де мол. Әсіресе жүкті әйелдер, балалар мен қарттар үшін пайдасы зор. Қан толтыруда, сусамыр дертінің алдын алудағы дауасы шаш-етектен. Қартаю процесін баяулатар қасиеті де бар. Міне, талқанның осы артықшылықтарын жете зер делеген «Бас көң» шаруашылығының жетекшісі Шаях мет Үмбетов былтырдан бері талқан мен жент өндірісін қолға алуда. Тоқырау жылдары Ұлытау ауданының Жезді кентінде құрылған «Бас көң» шаруашылығы былтырға дейін ұн шығарумен айналысып келді. Алай да кейінгі жылдары бұл салада ірі диірмен комбинат тары іске қосылып, шағын кәсіпкерліктердің кәсіп бағытын өзгертуге тура келді. Шаяхмет ағамыз сол кез де ұлттық тағам өндірісін жандандыруға бел буыпты. Кәсіпорынға қажет шикізатты жергілікті «Бекетай баба» шаруа қожалығы жеткізіп тұрады.
«Бас көң» жылына 30 тонна бидай сатып алады. Айына 1 тоннадан астам талқан мен жент өндіреді. Бұл көлем Жезқазған, Ұлытау аймағын қамтуға жеткілікті, әрине. Бүгінде «Бас көңнің» талқаны мен женті осындағы базарларда, Жезқазған мен Сәтбаевтағы «Самади» сауда орталықтары жүйесінде, «Ғалиябану» дүкенінде, Астанадағы «Самғау» сауда орталығында «Қазақстанда жасалған» брендімен саудаға түсуде. Талқан қалташаларда, жент 500 грамдық полиэтилен тостақтарда сөреге қойылады. Арнайы штирх-код бекітілген. Тұрғындар тарапынан сұраныс баршылық. Бірақ кәсіпорынның келешегін ойлаған кәсіпкер өндіріс көлемін бұдан әрі арттыра түсуді мақсат етуде. Кәсіпкер талқан өндірісін жолға қоюға бір жарым жыл ішінде 1 млн. теңгеден артық қаржы салып ты. Соны жоба үшін бұл қаржы мардымсыз екені анық. Сондықтан кәсіпорынға мемлекет қолдауы қажет-ақ. Қазір кәсіпорындағы барлық жұмыстар қол күшімен атқарылады. Соның салдарынан өндірілетін өнім көлемі де шағын.
«Егер автоматтандырылған аппараттар бол са, ойланбастан ірі тапсырыстарға қол созар едік», — дейді Шаяхмет кәсіпкер. Бидайды қуыратын бір ғана аппараттың өзі 600 мың тұрады екен. Қуыру аппараты нан тыс тауарды қаптайтын құрылғы, заманауи диірмен керек. Кәсіпкер былтырдан бері екі мәрте «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы шеңберінде гранттар байқауына қатысыпты. Алғашқысында 1,9 млн. теңге, кейін 2,7 млн. теңге қолдауға өтініш жасап, аймақтық кәсіпкерлер палатасына жүгініпті. Алайда талқан өндірісі аталған ұйым тарапынан мақұлданбаған. Өкініштісі, жоба мемлекеттен қолдау тапса, тағы төрт адамға жаңа жұмыс орны ашылар еді. Кәсіпорынның заңнамалық тұрғыдан Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында өнім экспорттауға толық құқы бар. Ол үшін «Бас көң» шаруашылығының өнімдері одақтың «Сәйкестік туралы декларациясының» жыл сайынғы өнімдерді каталогтау жүйесінде тіркеліп келеді.
Қазақстан бойынша талқан шығаруға сәйкестік сертификаты бар екі кәсіпорынның бірі — «Бас көң». Және талқан мен жент — ұзақ тасымалдауға қолайлы өнім. Талқан — 10 ай, жент 1 ай құнарын бұзбай сақталады. Кәсіпкердің айтуынша, шетелдік нарыққа талқанның келісін 250 теңгеден, жентті 700 теңгеден ұсынуға бола ды. Шаяхмет ағамыз өзінің өнімдері «ЭКСПО — 2017» көрмесінде «ұлттық брендтер қатарынан лайықты орын алса» деген мақсатпен жұмыс істеуде. Әйтсе де, мемле кеттен көмек болмай, бұл арманының жүзеге асып кетуі неғайбіл. «Бас көң» басшылығының басын ауыртар өзге де мәселелер жетерлік. Құрал-жабдықтарды сатып алу дан бөлек, тасымалдаушы, тұтынушы табу шаруалары оңай іс емес. Кейінгі кезде «жабайы» өндірушілер де көбейіп кетті. Әсіресе жоғарыда айтқан мейрамдарға қарай олардың саны күрт артады. «Біз заңды түрде, арнайы рұқсат қағаздары негізінде жұмыс істейміз. Ал «жабайы» өндірушілерге қатысты құзырлы органдар тарапынан ешбір шара қолданылмайды. Талқан мен жент жасайтын орындарындағы санитарлық тазалық, өндіріс циклі қадағаланбайды. Өнімдерін қара базарда саудалайды. Тұтынушылар да сертификат талап етпейді. Біздің бизнесімізге осы астыртын өндірушілер кедер гі келтіруде», — дейді Шаяхмет Үмбетов.
«Қайратты ерге бақ тұрар» деген. Қазір Шаяхмет ағамыз көлденең шыққан қиыншылықтарға мойымай еңбек етуде. Келе шегінен үміті зор. Сөйтіп, Жезқазған, Ұлытау нарығын ертеден еңсеріп алған оңтүстіктің талқанын сөреден ығыстыруда.
Нұрқанат Қанафин