Тамақтан кейін айтылатын дұға
Тамақтанар алдында бисмилләһиррахманиррахим деп, тамақтанып болған соң әлхамдулиллаһ деп айту – сүннет.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Тамақтанғаннан кейін «әлхамдулиллаһилләзи әтамәна хазәттаамә уә рәзақана мин ғайри хаулин минна уә лә қууаһ» дұғасын оқыған адамның күнәлары кешіріледі» — делінген (Әбу Дәуіт).
Тамақтанғаннан кейін мына дұғаны оқу керек:
«Әлхамдулиллаһилләзи әшбәанә уә әруана мин ғайри хаулин минна уә лә қууаһ. Аллаһумма әт имһум кәма әт амуна. Аллаһуммарзуқна қалбән тақййан, минәшширки бәрййан лә кафиран уә шәқййан уәлхамдулиллаһи раббил аләмин».