Тамара Дүйсенова Ақтөбеге барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды тапсырмаларының ішінде ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, ауылдың экономикалық мүмкіндіктерін мәселесі айырықша орын алады. Президентіміз өзінің дастүрлі Жолдауларында жалпы ауыл тақырыбын назардан тыс қалтырған емес. Осы жерде Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» Жобасы қазір көпшіліктің қызу қарсы алуына ие болып отыр. Аталмыш Жоба алғашында Ақтөбе облысында қанатқаты жоба ретінде сынақтан өтті десек болғанадй. Себебі бұл аймақта өзінің тиімділігін дәлелдеп шығып, ары қарай айналасына тарай бастаған еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұдан ары Жобаны тіпті де байыта түсу үшін оған қосымша тармақтар енгізді. Мысалы 2023 жылды 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек»,- деді. Міне сона бері қарайғы уақытта пайызы төмен ақшалай несиеге «тауарлы несие» қосылды. Бұл өз кезегінде ауылдағы ағайынның әл-ауқатын жақсартып қана қоймай, ағайынның берекесін арттырып, ауылдастарды ұйыстыра түсетін тетікке айналып келе жатқандығын көріп отырмыз.
Аталмыш Жобаның негізгі қаржыландыру бағыттары- «Өңдеу саласына қатысты жобалар, Өсімдік шаруашылығын дамыту, Ауыл шаруашылығы коперативтерін жабдықтау, Мал шаруашылығын дамыту, Басқа бағыттағы бизнес жобалар»- болып бірнеше бағытқа бөлінген. Қазіргі таңда әрбір ауылдың тұрғындары өздерінің нақтылы жағдайына қарай жұмыстарын бастап жатыр.
21 қыркүйек күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Ақтөбе облысына барып «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылармен кездесіп қайтты. Әрі жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша аудан және ауыл әкімдерімен кеңес өткізді. Тамара Дүйсенова жиналыс барысында Мемлекет басшысының тапсырмасына орай өңірде жүзеге асырылып жатқан игі істерге айырықша тоқатал келіп, мемлекеттің қолдауын тиімді пайдаланып отырған ауылдан шыққан кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріді.
Қазір өз кәсібін бастау үшін, бизнес жоспарын жасап, оны нақты дәлеледй алған адамдарға төмен өсімді несиелер беріліп жатыр. Солардың қатарында Қобда ауданының тұрғыны Рәзия Ғалиева ханымның бастамасы жұрт назарын аударып отыр. Рәзия «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 8,5 млн теңге несие қаражатын алып, тігін шеберханасын ашыпты. Бұл қаржыға шағын фабриканың жұмысына қажетті станоктар сатып алған. Рәзия Ғалиеваның ашқан жұмыс орнында қазір мұнда 16 адам істеп жатыр екен. Олардың жартысы «Күміс жас» бағдарламасымен жұмысқа орналастырылыпты, 1 қызметкер «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында келген.
Тамара Дүйсенова кезекіт сапарында «Ауыл аманаты» Жобасына қатысып жатқан біраз адамдармен кездесіп, бастамаларына қолдау білдірді. Сапар аясында вице-премьер облыс аудандары мен ауылдарының әкімдерімен кеңес өткізді. Тамара Дүйсенова ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа құрал – тауарлық несиелеу енгізілуде. Ақтөбе облысында бұл әдісті тараптарды сақтандыру арқылы сүйемелдеу туралы шешім қабылданды. Осылайша, несие беруші үшін де, оны алушы үшін де тәуекел алынып тасталады. Осылайша 100-ден астам ірі қара мен 4,5 мың қой сатып алуға ақшалай қаражат берілді. Тамара Дүйсенова аталған тәжірибені кеңінен қолдануға шақырды.
-«Біздің міндетіміз – ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Несиелік қаражатқа өз ісін ашқандар үшін өнімді сату мәселесі маңызды. Батыс Қазақстан облысының тәжірибесін басқа аймақтарда да қолдануға болады. Бұл барлық тарапқа тиімді. Компания таза әрі сапалы өнім сатып алады, ауыл тұрғындары өнімін өткізу мәселесіне алаңдамайды»,-деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ерқазы Сейтқали