ТАМДЫ АУЫЛЫНДАҒЫ «ҚОЙГЕЛДІ» ОРТА МЕКТЕБІНЕ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жастардың заманауи талапқа сай білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ауданда орналасқан білім ошақтарын жабдықтау, ғимараттарды жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Жоспарға сәйкес Тамды ауылындағы «Қойгелді» орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Білім ошағы толығымен күрделі жөндеуден өткізіліп, барлық талаптарға сай жасақталатын болады.
Құрылыс жұмыстарын арнайы көрген аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков жауаптыларға күрделі жөндеуді уақытында аяқтауды, сапа басты назарда болу керектігін ескертті.

Талас ауданы әкімдігі