ТАМЫЗ КЕҢЕСІ

Бүгін білім беру саласы қызметкерлерінің «DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ» тақырыбында педагогтердің аудандық тамыз кеңесі өтті.
⚜️Тамыз кеңесі – білім саласындағы жетістіктермен қатар кемшін тұстарды да таразылайтын дәстүрлі жиын.
⚜️ Басқосуда білім саласындағы жетістіктер сараланып, өзекті тақырыптардың түйіні тарқатылды.
⚜️ Кеңеске барлық деңгейдегі білім саласының басшылары мен бірқатар педагогтар қатысты.
⚜️Аудандық тамыз кеңесінде педагогтерді келе жатқан оқу жылымен құттықтап, өңірдегі білім беру саласының дамуына тоқталдым.
⚜️Оқу-тәрбие саласында үздіксіз қызмет етіп, жемісті нәтиже көрсетіп жүрген бірнеше әріптестерге түрлі марапаттар тапсырылды.