Тамыздың шаттығы құрбан айтпен жалғасып жатыр
Мұсылмдардың қадірлі мерекелерінің бірі Құрбан айт күні де келіп жетті. Қазақ үшін құрметі бөлек бұл мерекеде, өзара татулық пен қайрымдылықтың, берке-бірліктің көрнісі бар. Егемен елдің ұрпақтары, дінсіз өткен жетпіс жылдың қасыртін осы ұлық мерекенің шаттығымен жуып тастағаны сезіледі. Биылғы тамыз айы Алаш баласы үшін бөлекше басталды. Елдің елдігін, бірлігін паш еткен, біріге алатынымызды дәлелдеген «Сайрагүлдің соты» қаншама жүректі тебірентіп кетті. Сол толқыған көңіл-күй әлі де жалғасын тауып жатыр. Республиканың түкпір-түкпіріндегі мешіттердің ұйытқы болуымен, қазіргі таңда дәстүрге айнаылп кеткен «Мектепке жол», «Бір баланы қуандыр» атты акциялар, адамдар жүрегіне қайрымдылық пен өзара жәрдемнің дәнегін еккен халықтық қозғалыс десек қателеспейміз. Қарамаққа, қатардағы іс-шараның бірі десек те мұнда терең мағына жатыр. Осындай бірлікке шақырып, берекені дәріптейтін, елді ұйыстыратын дүниелеріміз көп болса екен дейміз.
Алла тағала сәтін салып биылғы жылдың құрбан айт мерекесін қасиетті Мекке жерінде қарсы алып жатқан жайымыз бар. Елімізден барған 3000 нан астам қажылар, өздері секілді миллиондаған мүмин мұсылмандар мен бірге атақты Мұздалифа жазығына түнеп, құрбан айттың алғашқы таңын қарсы алып жатырмыз. Толқыған көңілдің шексіз әсерлерін тілмен айтып жеткізу де қиын екен. «Мұсылманның қаруы-дұға» дегендей, сол қасиет тұнған өлкеде жүріп еліміз, жеріміз үшін, тәуелсіз отанымыз-Қазақстан үшін дұға етіп жатырмыз. Алла тағала барлық қажыларымыздың зияраттарын қабыл етсін!
Кең-байтақ отанымыздың әрбір елді мекендеріндегі отандастарымызды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз! Алыста жүрсекте, елдегі ағайынның көңілді жүздерін елестетіп отырмын. Илаһим, шаттығымыз ұзағынан босын! Барша Алаш баласының құрбан айты құтты болғай!
Құрметпен: «Ел Ана» қоғамдық, танымдық сайтының жетекшісі,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы