Танымал боксшы өмірден озды

Жеңіл салмақтағы бокстан әлемнің экс-абсолютті чемпионы шотландиялық Кен Бьюкенен 78 жасында қайтыс болды.

Соңғы жылдары ол деменциямен ауырып, қарттар үйінде тұрды.

Ол 1982 жылы қатарынан төрт жеңілістен кейін, мансабын аяқтады. Оның есебінде 61 жеңіс (оның 27-сі нокаутпен) және сегіз жеңіліс бар.

1970 жылы Кен WBA Super жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды, ал 1971 жылы WBC бойынша титул иегері атанған болатын.

Vesti.kz