Тараз қаласы әкімінің өкімімен Дәулет Төлендіұлы қала әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды
Дәулет Төлендіұлы 1986 жылы 5 қыркүйекте Талас ауданы Ақкөл ауылында дүниеге келген.
2004-2008 жж. – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын; 2013-2015 жж. – И. Арабаев атындағы Қырғыз Мемлекеттік институтының «Басқару менеджменті» магистратурасын|; 2016-2018 жж. – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы Жамбыл облыстық «АРАЙ» жастар газетінің «Саясат және сарап» бөлімінің тілшісі болып бастаған.
2011 ж. – 01.05.2012 жылдары – «Жамбыл-Тараз» газетінде жауапты хатшы; республикалық «Дала мен қала» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі; «Нұр-Медиа» холдингінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болды.
01.05.2012 ж. – 15. 02. 2017 ж. – Жамбыл облыстық «Арай» газетінің директор-Бас редакторының орынбасары; ҚР Ішкі істер министрлігінің «Медиа орталығы» Бас директорының орынбасары (Астана қаласы); Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінің директор-Бас редакторының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
10.05.2018 ж. – 01. 08. 2021 жылдары Жамбыл облыстық «Арай» газетінің директор-Бас редакторы; М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ақпарат және медиакоммуникация» орталығының директоры.
03.08.2021 жылдан бүгінге дейін «Жамбыл-Тараз» газетінің бас директоры қызметін атқарып келеді.
Үйленген. Төрт бала тәрбиелеп отыр.
Тараз қаласының әкімдігі