Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Исмаил жылу жүйесіне зерделеу жұмысын жүргізуде
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қ.Исмаил Тараз энерго орталығының М-1 жылу жүйесіне зерделеу жұмысын жүргізуде.
Тараз қаласының жылу- энерго орталығына зерделеу жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Орталықтың алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тексерген Қ.Исмайл жылу көздерін жаңғырту барысын бақылап, жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді. Жұмысты белгіленген мерзімде аяқтап, сапасына басты назар аударуды міндеттеді.
– Жылу орталығындағы жаңарту жұмыстары ерекше назарда. Тұрғындардың мүддесі қорғалып, жылудан проблема туындамауы керек. Сол үшін адал, сапалы жұмыс істеңіздер. Қателікке, кемшілікке жол берілмесін! Мұқият болыңыздар,-деді.
Қазіргі таңда олардың жылу сапасын жақсарту жұмыстары атқарылуда. Бұл меншік иелеріне көрсетілетін коммуналдық қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі