Тараз қаласында «ТаразТрансМоторс» ЖШС жаңа автобустар сатып алынды
«ТаразТрансМоторс» ЖШС 2012 жылдан бастап жолаушылар тасымалымен айналысады, Тараз қаласының 2 бағыты бойынша жолаушылар тасымалдау қызметін ұсынады. Бұған дейін «Тараз Транс Моторс» ЖШС Тараз қаласы бойынша жолаушылар тасымалы қызметін жүзеге асыру үшін өз қаражаты есебінен Қытайда өндірілген 5 автобус сатып алған болатын. Біраз уақыттан кейін жұмыс істеп тұрған автобустар мен қызметтен жиналған қосымша өз қаражатына кәсіпкер қала бойынша жолаушыларды тасымалдау үшін Қытайда шығарылған тағы 16 автобус алған.
2022 жылда 10 жаңа автобус сатып алу үшін қарыз қаражаты қажет болды. Компания «Даму» Қорының Жамбыл облысы бойынша филиалына жүгініп, толық консультация алып, өз мақсатын жүзеге асыру үшін несие алуға Тараз қаласындағы «ForteBank» АҚ-ға жүгінді. Кредит 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мақұлданды, Қор пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдендіруді ұсынды, бұл ретте кәсіпкер үшін сыйақының соңғы мөлшерлемесі жылдық 6% — құрады.
«Даму» Қорының 6% арқасында «ТаразТрансМоторс» ЖШС 10 жаңа автобус сатып алды, кәсіпкердің жоспарында қазіргі заманғы автобустар санын ұлғайту да бар. Компания қала тұрғындарының автобус салондарында өздерін жайлы сезінуі, жүргізушінің жұмысына риза болуы үшін көп күш жұмсайды.
Тараз қаласының әкімдігі