Тараз қаласында үшемдер дүниеге келді

Жамбыл облыстық перинаталдық орталығында дүниеге келген үшемдерді 38 жастағы Тараз қаласының тұрғыны әкелді. Бұған дейін бес бала туылған Сәпиевтер отбасында енді сегіз бала тәрбиеленбекші.
Айта кетейік, үшемдердің екеуі — қыз, біреуі —ұл. Оларға Асылым, Айбатыр, Асылай есімдері қойылды.
Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 29 аптасында дүниеге келді. Олардың бірінің салмағы —992,0, грамм болса, екіншісінікі — 984,0, үшіншісінікі — 950,0.
Шала туылған нәрестелерді дүниеге келе сала тексеру, күтіп-баптау жұмыстары перинаталдық орталық қыз­меткерлері тарапынан барынша жіті бақыланып, қолға алынған. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, анасы өзі қарай алады.
Дәрігерлер мерзімінен бұрын туылған нәрестелерге дұрыс күтім жасау қажеттігі бойынша анасына кеңестер беріп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде үшемдердің жағдайы жақсы, салмақ жинап (1960,0 гр, 2462,0 гр, 2508,0 гр,), үйлеріне аман-есен шығарылды.