ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АҚЫЛДЫ АЯЛДАМА» ЖАЙЛЫ БІЛЕСІЗ БЕ?
«Ақылды» сөзі ертеректе тек адамның ғана еншісіне тиесілі ұғым еді. Ептілігінің арқасында жұмыс істеп, ойлау өрісін кеңейте алған сол адамның ақылы асқақтаған сайын жаны жоқ жасандыларды да ақылдыға балайтын болды. «Ақылды үй», «ақылды телефон», «ақылды қала» сияқты адамның игілігіне жұмыс жасап жатқан техникалардың қатарына «ақылды аялдамалар» да қосылған. Барлығының міндеті бір, адамның тұрмысын жеңілдету.
2021 жылдың 15 сәуірінен бастап Тараз қаласындағы «ОДҚ» ЖШС-мен 10 аялдамада «Ақылды аялдама» жобасы аясында жарықдиодты цифрлық таблолар орнатылды.
Автобустың GPS-трекерінен келіп түсетін деректер негізінде, аялдамаларда орнатылған ақпараттық жарықдиодты таблоға тұрғындарға керекті автобустың келу уақытын есептеп, көрсетеді. Ақпараттық таблода – аялдаманың атауы, маршруттың нөмірі, маршруттың бастапқы және соңғы аялдамасы, жақын автобустың келуін минутпен, көрсетілген аялдамаға дейін күту уақыты көрсетіледі. Сондай-ақ, ағымдағы күн, уақыт және ауа температурасы көрсетіледі. Жарықдиодты дисплей ашық ауаның қиын жағдайларында жұмыс істеуге бейімделген.
Ақылды аялдамалардың мекен-жайы:
1. Абай көшесі бойындағы «Әйтеке би» аялдамасы;
2. Абай көшесі бойындағы «Қазфосфат» аялдамасы (қарама-қарсы орналасқан екі аялдама орнатылған);
3. Төле би көшесі бойындағы «диагностикалық орталық» аялдамасы (қарама-қарсы орналасқан екі аялдама орнатылған);
4. Төле би көшесі бойындағы «орталық мешіт» аялдамасы (қарама-қарсы орналасқан екі аялдама орнатылған);
5. Төле би көшесі бойындағы «облыстық сот» аялдамасы (қарама-қарсы орналасқан екі аялдама орнатылған);
6. «Сейфуллин» аялдамасы, ш/а Алатау.
Жалпы «Ақылды аялдама» жобасы аясында орнатылған таблолар саны қала бойынша – 10
Жамбыл облысы әкімдігінің цифрлық
технологиялар басқармасы