Тараз тұрғындары қоғамдық қабылдауда белсенділік танытты

 

Тараз қаласында атқарылған жұмыстармен қатар, алда қолға алынар шаруа да аз емес. Жалпы, бұл кез келген қалаға тән құбылыс. Сол себепті биылғы 28 мамырдан бастап қала әкімі Ержан Жылқыбаевтың бастамасымен қала округтерінде көшпелі қоғамдық қабылдау жүргізіле бастады. Бүгінде бұл шаруа өз нәтижесін беріп келеді.
Айталық, №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 округтерде және Барысхан тұрғын алқабында өткен көшпелі қоғамдық қабылдаудың нәтижесінде 296 адам қабылданып, жалпы 496 сұрақ көтерілген.

 

Оның 44 сұрағына әкімдік бөлімдері басшылары қабылдау барысында-ақ ауызша түсіндіріп берді. Бүгінгі күнге көтерілген мәселелер бойынша жол картасы дайындалып, бөлімдер тарапынан 296 мәселе бойынша өтініш иелеріне жазбаша жауаптары берілген, оның ішінде 262 мәселеге заң асында түсініктеме берілсе, 5 мәселе негізгі себептермен қанағаттандырудан бас тартылған, 28 мәселе қанағаттандырылған. 166 мәселенің қаралу мерзімдері бар.
Мәселен, Айгүл Бештаеваның «Ақжол» алқабындағы көшелерге аншлаг ілу бойынша көтерілген мәселесі қанағаттандырылып, «Несібе», «Балқарағай», «Меруерт», «Ақбұлақ» көшелеріне жаңа үлгідегі аншлагтар ілініп, нәтижесінде халық санағы жүргізілу барысында санақшылардың жұмыстары жеңілдетіледі, жедел жәрдем қызметтерінің дер кезінде мекен-жайды тауып, алғашқы көмек көрсетуге септігін тигізеді.
Сондай-ақ, Несібе көшесіндегі төрт үйдің маңындағы істен шыққан көше шамдары қалпына келтіріліп, көшенің 198 тұрғынының түнгі уақытта көшеде жүру қауіпсіздігін қамтып отыр.

 

Бейбіт Байболовтың №12 автобус маршруты туралы көтерген мәселесі бойынша Асқаров көшесіндегі «орталық базарға» дейін қатынайтын бағыттың қозғалыс сызбасы «Қайнар», «Родничок» алқаптарына дейін созылып, таңғы және кешкі уақыттарды саяжайларға қатынауы қанағаттандырылған. Нәтижесінде күнделікті орта есеппен 4600 тұрғынның қалаішілік қатынауының жақсаруына әсерін тигізіп отыр.
Ал Оразбек Өскембаевтің кіші футбол алаңшасын теңгерімге алу мәселесі қанағаттандырылып, нәтижесінде күнделікті 235 тұрғын, жастар мен жасөспірімдердің арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануына септігін тигізіп отыр.
Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында азамат Темірлан Тұрдалин Тараз қаласы, Автомобиль көшесінің түнгі жарықтандыру мәселесін көтерген. Бүгінгі күнге аталған көшенің 30 көше шамы іске қосылып, түнгі жарықтандырылуы үздіксіз қосылып тұр. Нәтижесінде 327 тұрғынның түнгі уақытта жол жүру қауіпсіздігі қамтылған.
Көшпелі қоғамдық қабылдау барысында азаматша Ақерке Рахымбердінің «Родничок» алқабына қатынайтын қоғамдық көлік мәселесі шешіліп, №12 автобус бағытының қозғалыс сызбасы ұзартылып, күнделікті 14 автобустың жүру аралықтары 8-10 минутқа қысқартылып, толық жүргізу нәтижесінде орта есеппен бір күнде 5700 адам, сонымен қатар, №34 автобус бағыты да «Родничок» алқабына дейін созылып, күнделікті 12 автобустың жүру аралықтары 12-14 минуттан үздіксіз қатынауы қамтамасыз ету нәтижесінде бір күнде 3400 адам, яғни бір күнде орта есеппен 9100 жолаушының «Родничок» алқабы мен қалаішілік қатынауы жақсартылып отыр.
Сонымен қатар Ү.Сапакованың «Әуендер әлемі» скверінің тазалығы мен ит қыдыртуға тыйым салу туралы өтініші қанағаттандырылып, саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді, «Ит қыдыртуға тыйым салынады!» белгісі орнатылды.
Н.Өміржанұлының жұмысқа орналасуға көмектесуді сұраған өтініші бойынша, ол қала әкімі аппаратына жұмысқа орналастырылды.
Қайнар алқабының тұрғыны Алтын Омарова көше жолын жөндеу туралы мәселесі қаралып, қазіргі таңда «Вега» ЖШС-мен Қайнар алқабының көшелеріне шағал төсеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жалпы 300 аула, яғни 1100 тұрғынның жол жүруі жақсартылған.
Барысхан алқабының тұрғыны Қ.Самиеваның №9 қоғамдық көліктің маршрутын созып беру туралы өтініші қанағаттандырылып, нәтижесінде күнделікті 190 жолаушының тасымалдануын қамтамасыз етіп отыр.
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінен бастап №23 автобус бағытына қосымша 2 кесте қосылып, нәтижесінде жалпы 8 кестемен жүргізілген №23 бағыттағы автобус күніне 3200 жолаушының қалаішілік жол жүруін қамтып отыр.
Ақтөбе көшесі мен Беделбаев көшесі қиылысындағы талдарды кесу жұмыстары жүргізілу нәтижесінде сол көшелер қиылысындағы аппатты жағдайдың алды алынып, шамамен 150 тұрғынның қауіпсіздігі қамтылып отыр.
Қоғамдық көшпелі қабылдауда тұрғындар тарапынан қоғамдық көлік маршруттарын ұзарту қосу бойынша көтерілген мәселелерді қарау нәтижесінде қала территориясында қатынайтын қоғамдық көліктердің жүру кестесін қайта жасап, автобустардың санын көбейту және негізгі қоғамдық көліктер маршруттарының жүру уақытын ұзарту туралы тапсырма бойынша ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап №40, 32, 27, 55, 38, 29, 27, 12, 8, 46 автобустардың жүру уақыты күнделікті сағат 22.00-ге дейін ұзартылып, жүру кестесі бекітілді, қатынауы тоқтап қалған №54, 57, 9, 56 автобус бағыттарының жұмысы қайта жандандырылды. «taraz.akimdigi» инстаграмм парақшасында жарияланды. Тапсырманың орындалу нәтижесінде қала тұрғындарының, мектеп оқушылары мен студенттердің қалаішілік жол жүруіне ықпалын тигізіп, тұрғындардың өтініші қанағаттандырылды.

Жасұлан СЕЙІЛХАН,
Тараз қаласы