ТАРАЗДА 53 ТҰРҒЫН ҮЙ ЖАҢҒЫРТУДАН ӨТУДЕ

Бүгінде Тараз қаласында тұрғын үйлерді жаңғыртуға баса ден қойылуда. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бойынша биыл 53 көппәтерлі тұрғын үйді жаңғырту жоспарланған болатын.
🔹Қазіргі таңда аталған нысандарда 23 мердігер мекеме тарапынан жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Жаңғырту жұмыстары биылғы қараша айының соңына дейін толығымен аяқталады деп көзделуде. Тағы бір айта кетерлігі, құрылыс жұмыстарына жұмсалған қаражатты қайтару, кондоминиум объектісінде орналасқан пәтер ауданына сай, әр пәтер иесіне пропорционалды түрде есептеліп, қайтарым мерзімі он бес жыл болып белгіленген.
Биыл бұған қоса «Интерстрой Азия» ЖШС тарапынан Төле би көшесінде орналасқан №11, «Тұрғын үй жөндеу», «Абырой Инвест» және «TarazGazNur» ЖШС мердігерлігімен «Қаратау» ықшамауданы, №37 «А», №39 және «Салтанат» ықшамауданы, №29 «А», №29 «Б» жатақханаларына жөндеу жұмыстар жүргізілуде.
Бұдан бөлек, коммуналдық меншікте тұрған «Бәйтерек» ықшамауданындағы №5, 8, 12, 14, 31, 39 үйлерге «Арқас-А», «Юг-ТехСнаб» ЖШС мердігерлігімен құрылыс жұмыстары қолға алынды.
📌Биыл тек ықшамаудандар ғана емес, орталықтағы үйлерге де басымдық берілуде. Соның айқын айғағы – «Қаратау құрылыс 2030» ЖШС мердігерлігімен Төле би даңғылында орналасқан №38, 40, 44, 48, 50, 52, 54, 56, 57, 58, 59, жалпы саны 11 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттері, шатырлары күрделі жөндеуден өтуде.