Таразда «Анаға тағзым» республикалық аналар форумы басталды
«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде шымылдырығы түрілген іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Еланасы Сәуле Мешітбайқызы, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі Нәзипа Шанаи, ақын Ақұштап Бақтыгереева, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, Мемлекет және қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман, Түркияның Бурса қаласынан келген аналар делегациясы және елімізге белгілі өзге де ақын, мәдениет, өнер саласының өкілдері қатысып отыр.
Форумның ашылуындағы алғашқы сөзді аймақ басшысы Б.Сапарбаев еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хатын оқумен бастады. Одан кейін Н.Шанаи қоғам мен еліміздің дамуындағы аналардың рөліне тоқталды.
«Аналар — тәуелсіздікдәуірініңтірегі» атты осы пленарлық отырыстан кейін форум кешке дейін жекелеген секциялар аясында жалғасады.
Еске сала кетсек, форум қонақтары бір күн бұрын көне шаһарға келген.
Кеше форум қонақтары өңірдің киелі орындарын
аралап, тарихи жәдігерлермен танысты.
Қонақтар алдымен Жамбыл жерінің інжумаржаны саналған Айша бибі мен Бабажа
хатунның кесенелеріне тоқтап, тарихына
қанықты. Айша бибі кесенесі – Қазақстанда
және Орта Азияда ойылған терракоталық
плиткалардың 62 түрімен толық қапталған жалғыз
сәулеттік ескерткіш. Кесененің негізгі қасбетінде
араб тіліндегі жазудың бір бөлігі сақталған. Онда
«Бұл Бабажа хатун деп аталатын керемет қабір.
Оның құрылысшысы…» деп жазылған. Алайда
шебердің аты сақталмаған.
Шара қонақтары келесі кезекте Қарахан кесенесіне аялдады.
Аталған нысан Қарахан әулетінің негізін қалаушылардың бірі – Шах
Махмуд Қараханның қабірінің үстіне салынған. Жергілікті тұрғындар
оны «Әулие-Ата» (қасиетті ақсақал) атап кеткен.
Бұдан кейін қонақтар «Көне Тараз» археологиялық паркіне
бет түзеді. Аталған паркте «Ежелгі Таразға» кіру қақпасы, Тараз
әуенінің монументі, «Рухани жаңғыру» интерактивті офисі мен
«Достық үйі», бақылау мұнарасы, «Мыңбұлақ» аллеясы, «Менің
туған жерім – Қазақстан», Жер шары және «Ежелгі Тараз» мұражайы
орналасқан. 2011 жылдан бастап бұл нысанда толық ауқымды
тарихи-археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.
Қонақтар ат басын бұрған келесі нысан – «Тектұрмас» этнотарихи кешені мен «Әулие ата» ескерткіші. Бұл кешен Талас өзенінің
жоғарғы жағалауындағы «Тектұрмас» тауының 24 гектар биік
баурайында орналасқан. Тарихи кешен – бұл ортағасырлық түркі
елдерінің киелі орындарын бейнелейтін, Ежелгі Тараздың тарихын
толық көрсететін тарихнама. Халқымыздың рухани әлемін байыту
мақсатында салынған кешен қала өмірінің барлық кезеңдерін ашып
көрсететін, өңірде болған тарихи оқиғалардың толық хронологиясын
көруге мүмкіндік беретін бірнеше сәулет құрылыстарынан тұрады.
Экскурсиядан соң қонақтар А.Тоқпанов атындағы облыстық
драма театры сахналаған «Домалақ ана» қойылымын тамашалады.