🔰Таразда «Food Fest-Тaraz» байқауы өтті
Отбасы — Отанның алтын қазығы. Отбасы маңыздылығын нығайту, арттыру — өркениетті елдің басты міндеттердің бірі. Осы орайда Тараз қаласы әкімдігінің қолдауымен, «Елу жылда – ел жаңа» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай Жамбыл индустриалды технологиялық колледжінде “Food Fest-Taraz” атты аспаздар байқауы өтті.
Аталмыш шараның мақсаты — бәсекеге қабілетті ұлт, бақытты отбасы тәрбиелік құндылықтарын дәріптей отыра, ұмыт болған ұлттық тағамдарды дайындау дәстүрлерін өскелең ұрпаққа насихаттау. Шара барысында алуан түрлі тағам даярлаған отбасылар көпшіліктің назарына ілігіп, ыстық ықыласқа бөленді.