Таразда инклюзивті білім берудің тың тәсілі қолға алынды
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар осы арқылы қашықтан білім ала алады. Бұған шетелдік ұстаздар қызығушылық танытып, онлайн тәжірибе алмасу басталды.
Халықаралық шараға Латвия, Литва, Германия педагогтары қатысып ерекше балаларға білім берудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Бұл бағыттағы жұмыстарға бірнеше қайырымдылық қор тартылып жатыр. Қазір аймақтағы 444 жалпы білім беретін мектептің 88 процентінде осы категориядағы балалар үшін жағдай жасалған.
Халықаралық әріптестермен балалар жылы аясында балаларды білім беру мәселелері, оның ішінде бүгінгі таңда өзекті болып отырған мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қажеттілігін қамтамасыз ету бойынша пікір алмасудамыз. Біздің балаларға деген қарым-қатынасымыз қандай, біз оқушыларды неге үйретеміз, оларды сауықтыру үшін қандай жұмыстар жасап жатырмыз? Дәл осындай методология шетелде қалай жүзеге асып жатыр? Осыған қатысты өзара тәжірибе алмасу жүріп жатыр, – деді №3 мектеп-лицей директоры Зәуре Әбдірәсілова.
aqjolgazet.kz