ТАРАЗДА НЕГЕ ЖОҚ, ЖОҚ…

Естіп жатырмыз, Астанада, Ақтауда, Қарағандыда және басқа да біраз облыс орталықтарындағы алаңдарға үлкен лэд-экрандар қойылып, қазақтың туын жеңіспен ғана желбіретіп жүрген Генажанның жекпе-жегін тікелей көрсетеді екен. Ал біздің қаламызда, әзірге, ондай жағымды жаңалық жоқ.
Тараз — қашаннан бокс бесігі, жеңіс есігі (тримфуальная арка) болған құтты мекен екенін неге ұмыта береміз?
Жамбылдықтар да түннен тұрып (сағат 3-те басталады) жанкүйер болса қайтеді дейім де? Облыстағы спорт басқармасының бұрынғы шенеуніктері мен функционерлерінің төңірегіндегі «ойбай, не дейсің, миллиондарды жеп қойыпты» деген сөз ушығып тұрған кезде, Генаның жекпе-жегін жұрт боп ұйымдасып көріп, бір желпініп қалайық та, әлеумет!