Таразда орташа жол жөндеу жұмыстары басталды
Жол — тіршіліктің күре тамыры. Тақтайдай тегіс жолдар тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыратыны анық. Облыс орталығы — Тараз қаласында қазіргі уақытта жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде көне шаһарда 4 нысанда орташа жол жөндеу жұмыстары басталды.
Атап айтқанда «Ұлы дала» (15) ықшамауданына кіреберіс жол, Жамбыл – Төле би даңғылының оңға бұрылатын жолағы, Пірімқұлов, З-Завод көшелері.
Осы соңғы аталған З-Завод көшесіне бүгін асфальт жабындысы төселуде. Ұзындығы 1 ,46 шақырым, ені 3,5-5 метрді құрайтын көшенің құрылыс жұмыстарын “B-grass” ЖШС жүргізуде. Техникалық қадағалаушысы — “АКГЕМ-СТРОЙ” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Ал, қалған үш нысанда бүгінге күнге жол негіздемесі төселуде. Бірер күнде бұл нысандарда да асфальт төсеу жұмыстары басталуы тиіс.
Тараз қаласы