ТАРАЗДА ШЕРХАН МҰРТАЗАНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛАДЫ
Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен «Көне-Тараз» қоғамдық қоры тарапынан белгілі жазушы, журналист Шерхан Мұртазаның ескерткішін, яғни көркем сәулеттік-мүсіндік композициясын жасау бойынша 2022 жылдың мамыр айында республикалық байқау жарияланған болатын.
ӨКҚ баспасөз алаңында «Көне-Тараз» қоғамдық қорының президенті Мұратбек Азимов байқауға 17 үміткер өз жұмыстарын ұсынғанын жеткізді. Ұсынылған жұмыстардың ішінен үздіктерін анықтап, Қазақстан Республикасында орнатылатын ескеркіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияға ұсыныс беру үшін жергілікт жерден зиялы қауым өкілдерінен комиссия құрамы жасақталды.
«3 маусымда өткен осы комиссия отырысында ұсынылған жұмыстардың ішінен 3 нұсқасы (3,4, 13-нұсқалары) мақұлданып, республикалық комиссия қарауына жолданды.
Ескерткіштің орналасу орнын анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 14 маусымында комиссия құрамы мен сәулетшілердің бірлескен отырысы өтіп, онда қаламгердің ескерткішін Тараз қаласында орнату орны бойынша 14 ұсыныс түсті. Комиссия отырысының қорытындысымен ұсыныстар негізінде ескерткіш қойылатын қолайлы 3 жер анықталды. Олар:
1.«Көне Тараз» тарихи, этно-мәдени кешеніндегі Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы ғимаратының алды;
2.Сүлейменов көшесінің бойындағы «Баспасөз» үйі мен «Jambyl» телеарнасы ғимаратының ортасындағы аллея;
3.Халықаралық Тараз инновациялық институтының Жамбыл даңығылы бойындағы жаңа ғимаратының алды», — деді спикер.
Азимов Қоханұлы бүгінгі таңда Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы тарапынан аталған ұсыныстарға сәйкес эскиздік жобалар әзірленгенін және ескерткіш Жамбыл даңғылы 75 А мекенжайына орнатылатындығын хабарлады.
Жамбыл облысы өңірлік коммуникациялар қызметі