Таразда тәртіп сақшылары тағы да қару тапты
Таразда тәртіп сақшылары тағы да қару тапты. Алдын ала жедел ақпаратқа сәйкес, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты 59 түзеу мекемесінің қызметкерлері қалалық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп, «Бәйтерек» мөлтек ауданынан суық қару тапты. Жедел іс-шаралар барысында шағын аудандағы арнаның астынан нөмірі өшірілген «Беретта» маркалы 12 калибрлі аңшылық мылтығы мен 12 калибрлі 8 дана оқ-дәрі табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда оқиға орнына Тараз қалалық жедел тобы шақырылып, тергеу амалдары жүргізілуде.