Таразда Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізiлуде

Ағымдағы жылдың 18 қазанында Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы жедел штабы «Тараз-Антитеррор-2023» оқу-жаттығуын өткізедi.
Іс-шараның мақсаты-құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың шұғыл ден қою және терроризмнің шартты актісінің жолын кесу бойынша күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау.
Осыған байланысты қаланың жекелеген ауданында қозғалысты шектеу шаралары қарастырылған.
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды, жұмылдырылған мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұраймыз.
Жамбыл облыстық Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы