Тараздағы тасжолдар тақтайдай тегіс болады
«Ауыл – Ел бесігі». Бүгінде жаңаша бағдар алған бұл мемлекеттік бағдарламаның елге берері мол екені айтпаса да белгілі. Оған қоса, бұл ауылдың ажарын ашып, елді мекендердің еңсесін тіктейтіні анық. Ендеше «Ауыл – Ел бесігі» жоба биыл Жамбыл облысында үш ауданда жанданып отыр. Сондай-ақ облыс орталығын көркейту жұмыстары да күшейтіліп, Тараздағы тасжолдар тақтайдай тегіс болғалы тұр.
Атап айтсақ, «Ауыл – Ел бесігі» жобасына Байзақ – Сарыкемер ауылы, Жамбыл –Аса ауылы, Шу – Төлеби ауылы, бұл өлкелердің өрісін өрістету үшін 3 миллиард теңге қаржы қаралуда. Яғни, 108 жоба іске асырылуда. Жоба аясында Төлеби, Аса ауылдарында спорттық сауықтыру кешенінің және Төлеби ауылында мәдениет үйі мен аудандық емхана құрылысы басталып, 104 нысанға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ облыс орталығын көркейту мақсатында жұмыстар жалғасуда.
«Жеңіс» саябағында «Даңқ залы» мен «Бауыржантану» ғылыми зерттеу орталығы пайдалануға берілді.
«Шахристан» тарихи-мәдени кешенінде 6 жобаның құрылысы жүргізілуде. Олар «Руханият» орталығы, «Қолөнер шеберлерінің галереясы», «Көркемдік-бейнелеу өнері галереясы», «Өлкетану мұражайы», «Көрме павильоны», «Ретро-фестиваль» амфитеатры».
Тараз қаласындағы 128 көшеде 35 шақырымға полиэтилен құбырларын салу жұмыстары 78 пайызға аяқталды, Такенов, Ташкент және Фазлаев көшелерінде асфальт жабындысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Жылумен қамту жүйелерін жаңарту үшін 10 шақырымды құрайтын М-4 және М-2 жылу магистралін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Қаладағы 55 көше мен 85 бұрылыстың орташа жөндеу жұмыстарына 1,5 миллиард теңге бөлініп, қоғамдық көлік қатынайтын 83 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Барлық шағын аудандардағы және көпқабатты үйлердің ішінара кірме жолдарын ағымдағы жөндеу үшін облыстық бюджеттен 310 миллион теңге бөлінген. Оған 71 мың шаршы метр, мемлекеттік сатып алу рәсімдері ұйымдастырылуда.
99 қиылыстағы жол белгілері мен бағдаршамдардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Есепті кезеңде жалпы қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 9,2 пайызға төмендеген.
Соның ішінде мал ұрлығы – 26,9 пайызға (160-тан 117-ге) төмендеп, ашылу көрсеткіші 83,3 пайызды (2018 жылдың алғашқы 6 айы – 51,9 пайыз) құрады.
Жыл басынан мал ұрлығымен кәсіби түрде айналысып жүрген 14 топтың қылмыстық әрекеттері әшкереленді.
Мектеп инспекторларының жауапкершілігін көтеру мақсатында олардың ай сайын ата-аналар комитетінің алдында есеп беру жүйесі енгізіліп, Ережесі бекітілді.
Полиция департаментімен білім басқармасы арасында бірлескен іс-шаралар Жоспары әзірленді.
6 айда мектеп инспекторлары қамқоршылық кеңестерінде, ата-аналар көмитетінде 1109 есеп берді.
Төлен Дедек