Тараздағы «Тектұрмас» кешені тамшылатып суғарылуда
«Тарихтың темірқазығы» атанған шаһарда туризм саласын ілгерілетуге бағытталған жоспарлы жұмыстар да тасада қалып жатқан жоқ. «Таза Қазақстан» акциясы аясында туристерді тарту мақсатында Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешені абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Кешенге жалпы 4500 қылқан жапырақты ағашты егу жоспарланып, оның 3500 егілген болатын. Бүгінгі күні егілген ағаштарды және егілетін көгалды автоматты түрде тамшылатып суару жүйелеріне қосу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта суару жүйесіне арналған 16 мың метр су құбырлары алынды.
Бүгінгі күні «Тектұрмыс» кешені аумағындағы «Көне қамал» нысанының құрылысы жүргізілуде. Нысан 2026 жылы аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, кешенде келушілерге жағдай жасау мақсатында ұлттық тағамдарды ұсынатын ұлттық асхана ашылатын болады.
Айталық, акция басталғаннан бері аймақта 1600-ден астам сенбілік өтіп, оған 214 мың адам тартылды. Жалпы 2024 жылға абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына жалпы 9,4 миллиард теңге қарастырылған. 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен скверлер, 816,6 шақырым каналдар мен арықтар, 3,1 мың шақырым көше мен 99 мың аула қоқыстардан тазартылып, 9,7 мың қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшет отырғызылып, 49 субұрқақ іске қосылды. Акцияға аймақтағы еріктілер, жастар, тұрғындар да атсалысуда.
Жамбыл облысы