Тараздық хирургтар бас сүйегінің туа біткен асимметриясы бар баланы құтқарды
Таразда нейрохирургтар мидың қалыпты дамуына кедергі келтіретін бас сүйегінің туа біткен асимметриясы бар нәрестеге операция жасады. Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының нейрохирургтарына үш айлық баланың ата-анасы бастың дұрыс емес пішініне шағымданған болатын. Тексеруден және аспаптық диагностикадан кейін соның ішінде мидың КТ – сынан соң дәрігерлер балаға сагиттальды краниосиностоз диагнозын қойды. Бұл – бір немесе бірнеше бас сүйек тігістері мерзімінен бұрын өсіп, бас сүйегінің деформациялануына және мидың қалыпты дамуына кедергі келтіретін ауру. Сондай-ақ мұндай диагноз мың баланың біреуіне ғана қойылады. Дерттің күрделігігін ескере отырып, баланың отаға мұқият дайындаған соң нейрохирургтар Саят Жұмабаев, Мирдас Мурадов, Мирсаид Байматов және реаниматолог Равшан Пулатовтың қатысуымен эндоскопиялық патч – краниотомия жасалды. Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Саят Жұмабаевтың айтуынша, краниостенозға арналған эндоскопиялық реконструктивті операциялар 6 айға дейінгі балаларға жасалады. Ол мұндай кішкентай балаға операция жасау өте маңызды екенін атап өтті. Сондықтан дәрігерлер эндоскопияны қолданған. Яғни кішкене тіліктер арқылы олар тігіс орнына жетіп, оны «кесіп алып тастаған». – Бұл – арнайы педиатриялық нейроэндоскоптарды, басқа да эндоскопиялық құралдардың зақымдануын болдырмайтын арнайы конструкциялы бор мен жоғары жылдамдықты бұрғыларды қолдана отырып шамамен 3 сағатқа созылатын күрделі операция. Барлық манипуляциялар 4-5 см-ден аспайтын кесу жолымен бейнебақылау арқылы жүзеге асырылады. Мұндай операциялар аз қан жоғалтумен және қысқа оңалту кезеңімен сипатталады. Операциядан және бақылау компьютерлік томографиясынан кейін 3-4 күн өткен соң балалар стационардан шығарылады, — деді С.Жұмабаев. Қазіргі уақытта кішкентай науқас өзін жақсы сезінеді және үйден шығаруға дайындалуда. Дәрігерлердің сөзінше, басындағы кішкентай тыртықтар көп ұзамай мүлде көрінбей қалады екен. Сарапшылардың пікірінше, краниосиностоз — күрделі ауру. Оның негізгі белгісі – сүйек тігістерінің ерте өсуіне байланысты пайда болатын бас сүйегінің ми бөлігінің деформациясы. Клиникаға бас сүйегінің деформациясы, интракраниальды гипертензия белгілері, оптикалық жүйке патологиясы, психикалық дамудың артта қалуы жатады. Сирек кездесетін ауру бет сүйегінің ауытқуларымен қатар жүреді. Оның диагностикасы бас сүйек тігістерінің өсу дәрежесін бағалаудан және физикалық тексеру, рентгенография, КТ және МРТ арқылы сүйек ақауларын анықтаудан тұрады. Негізгі емдеу шарасы – бас сүйектерінің пішінін ерте хирургиялық түзету.
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі