ТАРАЗДЫҚ ТҰРҒАН ПӘТЕР АЛАМЫН ДЕП АЛАЯҚҚА АЛДАНДЫ

📌Таразда пәтер алмақ болған тұрғын алаяққа алданып қалды.Тараз қаласы полиция басқармасына жергілікті тұрғын өтініш білдірді. Ол облыс орталығының Химпоселок ауданында пәтер сатып алу үшін алдын ала 1 миллион 650 мың теңге төлемдi бейтаныс әйелге бергенiн хабарлады. 📍Алайда көрсетілген соманы алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Сондай-ақ бұл пәтер оған тиесілі емес екені белгілі болады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық)сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 48 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. ❗Әйел кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі