ТАРАЗДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУЫ. Қалада 30 жылдық той қарсаңында 30 игі іс атқарылмақ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен Таразда да ауыз толтырып айтарлықтай шаруа атқарылғалы отыр. Бастысы думандатып ұлан-асыр той өткізіп, ас ішіп аяқ босату емес, елдің игілігіне жарар, тұрғындарға пайдасы тиер нысандар ашу көзделіп отыр.
Атап айтсақ, 30 көшенің жолы жөнделіп, тағы 30 көшеге жарық орнатылады, 30 спорт нысаны салынып, 30 балалар алаңы пайдалануға беріледі.