ТӘРБИЕ-ТАЛ БЕСІКТЕН
Немесе қазақтың текті аналары тәйт әрі о заманда бұ заман әйелден төрелік сұрап басыңа не күн туып жүр деп шамдана үн қатты осы ауылда дорогая ене аталған Қымбат ана. Өмірге он екі бала әкеліп соның тоғызын аман
есен жеткізген Қымбат ана шыныменде ақыл-ойы мол келелі кеңес айтуданда кенде емес жан тірі өсірген тоғыздың төртеуі ұл,бесеуі қыз,бәрінде үйлендіріп ұзатып ұлын ұяға қызын қияға шығарып отырған аяулы ана еді.Өзінің ұл-қызы былай тұрсын ағайын
туыстың осы қалай деген жетпіс сексенге келгендеріде ығыңқырап жүреді.Қымбат ана біреуге дауыс көтеріп немесе бетпақтанып ұрсысып көрген адам емес өмірінің жартысын отағасы мен жанұясына арнаса жартысын ұстаздық етуге арнаған жан. Шалы бес-алты жылдықта қайтып, көңілі жетімсіреп қалса да жасы 82-ден ассада,әлі сөзі мен ісі ширақ кемпір.
Той садақаға барғанда дорогая ене келді дегенде үлкен үлкен әжелер орындарынан тұрып қоғадай жапырылып сәлем етіп жатады кейбір шалдары қайтқан алпыстан асып жетпіске жетіңкіреп қалғандарда салт бойынша сәлем етпеседе шыдамай қалай орындарынан тұрып кеткендерін білмей қалады. Сөйткен Қымбат анаға бүгін елудің бесеуіне келген рулас қайнысы мен әйелі келіп, ақыл-кеңес сұрап отыр. Үйдегі бала
келін ит пен мысықтай күндегі білетіндері ұрыс керіс.Сөздеріне қараса, бала аздап ішеді, құмар ойын да ойнайды. Келін телефондағы әдемі өмірді аңсайтын сыңайлы. Ылғи инстаграмдағы ойын, сауда, жарнаманың ішінде жүреді-міс. Ажырасуға араларында екі бала, бір қыз бар, соған не істейміз енді деп ақыл сұрай келген.
Еее, баланы тудырғанға жеткен ақыл өсіруге жетпей қалды дең. Үйлендіріп той жасап, құда болып, құйрық
бауыр асасқанға жеткен ақылдарың үй қылып ұстауға жетпей қалғаны ма сонда бұндай жағдайда ақыл айтатындай, мен не, осы рудың ақсақалымын ба Менен екі-үш жас кіші болсада, бірқатар ағаларың бар ғой, тумаластарың да баршылық олар не дейді қанша ақылды болсақ та,қатын деген атымыз бар. Кешегі жаман шалдың кемпірі Қымбат бүкіл руға ақыл айтар болыпты деген сөз де сүйектен өтер түсінгенге. Марқұм ағаларың болғанда, бір мәнісін айтар еді, мен қайдан білейін не істеу керегін деді алдындағы шәйді сораптай отырып.
Ақыл сұрай келген қайнысы да, келініде
дастарқанға қойылған тәттілермен шәй ішіп отырып, құлақ салып тыңдап отырған-ды.Ой жеңеше-ай! Өзіңізді төмендетпей-ақ қойыңыз.
Сөзім ауыр болмасын, қайынағамыз марқұмның билік айтып, даулы мәселе шешкенін көрген жоқпыз. Сізден аса алмай кеткенін көрдік қой.Мәселенің бәрі сізден шешіліп кететін еді ғой.Осы жолы да бір ойыңызды айтыңыз.Бұлар бұлай кете берсе, келін төркініне кетіп бала алқаш болса ортада балалар жетімсіреп қала ма деп, шарамыз таусылғасын келіп отырмыз деп, бірінші боп сөйлеген келіні қолқасын кеңінен салды.Еей, шырағым-ай, қайынағаң менен аса алмай кеткен ештеңесі жоқ.
Көп жағдайға сөз шығын қылмайтын адам ғой ондай жағдайда не деу керегін маған көзімен-ақ ұқтыратын. Болмаса, Алматыда оқуда жүрген жерінен әскерде жүрген ағаңа еріп келген шошақай қызға осыншама ақыл-ой бітер ме еді Мені осы күнге жеткізіп кеткен сол қайынағаңның үндемей жүріп үйреткен ақыл
парасаты сосын сен баланы үйіңнен ертіп келіппе Әлде ойнастан тудыңба мынау неге үндемейді сен неге оның алдына түсіп сөйлей бересің үйдеде солай боп тұрсыңдар ғой. Дастархан басында еркектен бұрын сөйлеуші болма қандай жағдай болмасын ер азаматыңның алдын орама! Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық деген ата-бабамыз әйелді ақылсыз демеген,тек отбасында одан биік етіп, отағасының орнын белгілеген. Жалпы қазақтың түбіне жеткен сол кеңестік әйел мен еркек тең деген саясат. Қазақ әйелі өзін еркекпен тең немесе артық көрсе, ол тек отбасы емес, ұлттың да соры. Қазақтың аналары Хауа ана, Қадиша Ана, Бибібәтима, Домалақ аналарымыздың еркегінен бұрын сөз сөйлеп, олардың алдында билік айтқан дегенін естігенің бар ма мен естіген жоқпын. Шежіреде Алла тағала әуелі Адам атаны жаратып, оған серік қылып, естіп отырсыңдар ма, серік қылып әйелді жаратқан. Сондықтан адамыңнан бұрын сүйреңдеп сөйлеу басыңдағы бағыңды қашыру деп толғанып отыр сен деп қайнысына қарап Ұлыңа не үйреттің қандай ақыл келелі іс көрсеттің баланы жасаған екенсің
тәрбиесіде де сенің мойныңда болуы керек емес пе қаттылау ұста. Әлде өзің тудырған баладан өзің қорқасың ба Қолындағы телефонды тартып алда келіннің көзінше қамшымен тартып тартып жібер сосын айт екеуіңде жоғалыңдар Қараларыңды батырыңдар! Бір-біріңнен бөлек тұрып көріңдер. Жоқ оған көнбейсіңдер ме онда біз шешең екеуіміз ажырасамыз. Сені тәрбиелей алмаппыз ғой, яғни біз дұрыс ата-ана бола алмаған екенбіз ғой.Келінніңде обалына қалмайық
Әйел қырық шырақты деген, телефондағы тәуір өміріне жолығар бақытты болып, байлықта өмір сүрер деп қатты айт осындай шешімге келдік деп еркектігіңді білдір.Өзің отбасыңды қолыңа алмасаң, ошағыңның ойраны шығып, берекеті қаша береді.Еркек деген атың бар, балаңа қатты айт ұрып жібер.
Ертең бармағыңды шайнап отырғаннан қазір қолыңнан келер әркетті жаса осы ауылдың ауасын жұтып суын ішкен бала болса әкесіне қол көтермейді. Қорықпа.
Бұл ауылдың балдары әкесімен төбелесер деңгейге төмендеген жоқ. Тұщы етіне ащы таяқ тигенде, түсінсе түсінер, түсінбесе, солай кетер.Келінгеде сабақ болар. Ұлың өзінің баяғы ерке бала емес, жауапкершілігі бар әке екенін сезінсін. Ешқандай жауапкершілік пен міндет жүктемей, алдына түсіп жүгіріп жаман үйреткенсіңдер. Ал келін балаңды шын жақсы көрсе, ойланып өзі ақылға келеді. Ал жақсы көрмейтін болса, байлап, төбесінен алтын құйсаң да тұрмайды деп екеуінің бетіне қарады. Қайнысы мен келіні — екеуі де үнсіз, төмен қарап отыр.
Жеңеше билік айтпаймын деп отырып сойып салдың ғой бірақ сөзіңнің жаны бар көп нәрсе қолымнан шығып барады екен. Түсіне бастадым. Балам ержетіп үйленді оның көңілі бар келін құдамның қызы оның көңілі бар деп жүріп үйдегі тәртіп босаңсып кеткен екен айыл тартпасы бос аттың шабысы оңама,дұрыс айтасың жеңеше өзім қолға алмасам болмас
деп тұруға ыңғайланды.
Баланы ұра беріп ушықтырып өшіктіріп алмаймыз ба Қазіргінің жастары таяқ былай тұрсын сөзде көтере алмайды. Ашуланып өзіне қол көтерсе, ел-жұртқа не дейміз.Ойбуйй, енді қайттік деп әйелі де күйеуіне қарады солай болады деп қорықсаңдар, онда солай жүре беріңдер.Ит ырғылжың ұрыс
керіспен күндеріңді өткізіңдер бала басына кетсін келін кесір атансын. Құдалармен араға сызат түссін солма барар жерлерің Менің ақылымды сұрай келген екенсіңдер, айтарым сол.
Ал өз ақылымыз өзімізге жетеді десеңдер ішкен шәйларыңа риза болып кетерсіңдер
Келін мен жаңа айттым ғой қайнағаңа Алматыдан еріп келген шөпжелке қыз едім деп. Міне сол кездері әйелдер киетін чулки сапоги деген киім болды. Міне менде қалалық болып сол етікті жұмысқа кидім. Көктемге салым, түске таман жұмыстан келгенімде аулада атқа жем беріп қорадағы тірлікпен жүрген енем қарсы шықты
Мені көрдіде түсінбей қалсада әдейі істеседе қолындағы қайыс арқанмен аяғымнан осып
осып жіберді
Жап жас қатынсың сирағың көстең көстең етіп мынау не жүрісің үлкен бар кіші бар. Сирағыңды ашып көрсетіп жүрме Ашық шашық киіну елге аштық шақырады.
Ырыс несібені қашырады. Ертедегі қазақтар жас әйел былай тұрсын еркектің де шаш қойып жалаңбас жүргенін жаратпаған ал әйелдің сирағы көрініп, өзге еркектің нәпсісін оятуы күнәнің ең үлкені.Қазақ паранжа жамылмаған бірақ киім кию мәдениеті өте жоғары болған деп қыстығып жылап отырған маған үйге кірде деместен шаруасына кетті. Аяғым көгеріп күп болып ісіп кетті міне қарағым менің енем өте қатал болды бірақ сол кісі мені тәрбиелеп шықты
Өле өлгенше сол кісіге сиынып өтем бала келінді ақылмен қатты ұстай білуде ата ененің көрегендігі деді бұларды шығарып салып тұрып ия көпті көрген аналарымызда көрген білгенін көкірегіне түйіп өссе анау-мынау ақсақалдың айтарын айтады-ау
Бұл әңгімені осы жерден үзсем Қымбат әженің айтқан шешімі қалай болғаны белгісіз болып қалар еді. Үш баланың әкесін сабауы немесе бала келіннің кесірінен ата-ененің ажырасуы да нағыз шешім емес қой. Дегенменде
Арада айға жуық күн өткенде қайнысының әйелі мәз-мейрам боп екі құлағы езуіне жетіп үйге бір қымбат анаға екі сәлем етіп хабарды зулатты
Ой,жеңеше кереметсіз ғой сізге келіп
кеткеннен соңда бала келін майда
шүйде сөзге келіп қалып жүретін.
Бірақ бір күні кеште қатты кетісті құдай сақтап немерелер басқа бөлмеде ойнап отырған күйеуім әрі-бері шыдап еді болмады келіннің дауысы қатты шыға бастағасын қолына қалың резеңке шлангі алып тура бөлмелеріне кіріп барды әй сен екеуің қоясыңдар ма жоқпа сен тағы ақшаңды ұттырдыңба бұлай бала болғанша болмай-ақ қой деп баласын шлангімен екі рет тартып тартып жіберді өмірінде бұндайын көрмеген ұлы қарсы жүргелі ұмтылып еді әкесі ашуға әбден мінгені сондай көзі аларып түрі бұзылып бас
көзге қарамай сабай берді.Ойбай өлтіресің ғой деп араша түскен мағанда екі соққы кетті тұра қаштым ұлы басын қорғап шығарға жер таппай қалып бұрышқа отыра қалып еді келін бақырып жіберіп Папа,қоя қойыңыз енді кешіріңіз бізді деп ұлдың үстін жауып жатып қалды иттің ғана баласы әбден қанымды ішіп біттің ғой Барыңнан жоғың жоғал көзіме көрінбей сенде келін көрінбе көзіме бір күні таяқтың ұшы сағанда тиіп кетер.Бар кет Телефондағы тамаша өмірді тезірек тауып ал Жолыңа байлау болмаймыз немерелерім аман болса түбі мені табар солай Құдаларғада ұятты қойып өзім түсіндірермін. Бұлай семья бола алмассыңдар қоя қойыңдар деп сыртқа шығып
кетті ұлымызда ләм-мим деместен үйден шығып кетті келін сол қалғаннан бөлмесінен шықпастан қалды енді не болар екен деп немерелерімнің бөлмесінде мен қалдым бүрісіп зәрем ұшып барады түрлі ой келіп жатыр. Күйеуімнің бұлай ашуланғанын көрмеппін жастықпен бір екі шапалақ жегенім есімде бірақ бұлай ашулануы бірінші рет содан күйеуім келіп орнына жатып қалды келін бөлмесінде тым тырыс бала әлі жоқ мен жатырмын көз ілмей сыртқа екі
үш рет шығып тың тыңдапта келдім жүрегім күйіп барады. Солай ұйқысыз түнді өткізіп жатыр ем таң алдында бала келді-ау әйтеуір. Уфф,тірі екен Аллаға шүкір келдіде әкесін іздеді папа кешірші мені сен маған өмірі қол көтеріп көрген жоқ едің сенің осылай ашынғаның менің кесірім менің кінәм түнімен ойландым неге маған қол көтерді деп ойландым. Жауап біреу болды маған қол көтермеген әкені соған итермелеген тек өзім әке мен сенің ұрғаныңнан ештеңе ұқпасам да келініңнің мені қорғап жата кеткені маған біраз ой салды. Сен мен үшін ашынып ұрсаң келінің мені жақсы көргеннен қорғады анам шырылдап мен үшін таяқ жеді. Сонда менің өмірдегі жақсы көретін үш адамым мен үшін зардап шегу керек пе жооқ. Олай болмау керек мен ер азаматпын мен үшін анам мен жарым неге жапа шегу керек әкем неге мен үшін ашыну керек Кешір әке енді ешқашан сені ренжітпеймін деп ант берем анам екеуіңіздің аяқтарыңызды сүйіп өтем сыйлаймын. Әйелімді бүгінгі қылығы үшін өмір бойы сыйлап өтем деп алдында құлдық ұрды әкесі орнынан тұрып баласында тұрғызып
Жарайды,балам бәрі өтті әке әкелігін білгені жөн деп құшақтап арқасынан қақты міне жеңеше сол күннен бастап бізде бәрі орнына түсті дорогая десе дорогаясыз ғой жеңеше Мынаны сізге арнайылап алдырдым деп бағасы қымбат қазақы жеңсіз кәжекей шығарған ееее
Аюға намаз үйреткен таяқ болды десеңші не болсада ақылға келгендерің жөн болған екен сен былай қыл мына кәжекейің байқап отырсам арзан зат емес екен. Келін жаңағыдай әрекетке барып күйеуі үшін сондай ерлікке барған болса онда ар жағында бір тектілік бар ғой екінің бірі олай істей алмас. Сен мынаны маған әкелген болсаң билігін маған бер сен осыны келініңнің анасына кигіз.
Шешеге қарап қыз өсер дегендей мынадай түсінігі бар келіннен түбінде жақсы ана ене шығады. Қызына отбасы үшін отқа түсердей тәрбие берген құдағида құр адам емес екен. Алла разы болсын соған жап деп тағы бір көрегендігін көрсетті.
«Тәрбие — тал бесіктен» деген.