Тәрбиелік мәні зор фильм көрсетілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Атырау қаласының «Kinoplexx» атты ең ірі кинотеатрында мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының идеясын нығайту шеңберінде Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша және Агенттіктің қолдауымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Под небом правды» атты деректі фильмінің көрсетілімі өтті. Шараға мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес, жастар, кәсіподақ ұйымдары, діни және әйелдер бірлестіктерінің өкілдірі қатысты.
Фильм сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды жалпыға бірдей қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған. Сонымен қатар, фильмде беделді тұлғалар және қарапайым халық өз ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарымен бөлісті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіні баспасөз қызметі