Тарихи-мәдени ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізілді
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы осы аптада «Киелі мекен» атауымен жалғасын табуда.
Бұл апта тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштерге тазалық жұмыстарын жүргізу және абаттандыруға арналған.
Жаңаталап ауылының тұрғындары акция аясында сенбілік жұмыстарын ұйымдастырып, елді мекенде орналасқан Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар, қуғын-сүргін құрбандары және «Құрметті азаматтарға» арналған аллеяға тазалық және аббаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Айта кету керек, бұл аптада «Киелі мекен» атауымен акция аясында қала және ауылдық елді мекендерде орналасқан тарихи-мәдени ескерткіштерге тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.