ТАРИХИ ТАҒЫЛЫМ

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу 31 мамыр – Қазақстан тарихының ең қайғылы беттерінің бірі — жаппай саяси қуғын-сүргін және миллиондаған адамның қаза болуына әкеп соққан ашаршылық.
Бугін, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №59 мекемесінде жеке құрам қызметкерлері арасында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды. Мекеменің акт залында
ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы бейне-сюжеттер көрсетілді.
Сонымен қатар, мекемедегі жазасын өтеушілер арасында да саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу іс-шарасы жалғасын тапты. Сотталғандарға бейне-роликтер мен деректі фильмдер көрсетілді.
Біздің қоғам қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес. Бұл — тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың ұлағатты ісі.