ТАРИХИ ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына жолдауын жариялап, елімізді саяси- экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды жоспарын ұсынды, бірқатар маңызды міндеттер қойды, бірқатар бастамалар көтерді. Бұл жолдау ел дамуының жаңа міндеттерін айқындап берді.

 Осыған орай, Жолдауда көрсетілген міндеттер мен бастамаларды қала тұрғындарына егжей—тегжейлі түсіндіру мақсатында облыстық және аудандық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Жұмахан Танкебаев, Талас аудандық ардагерлер кеңесінің Жұмабек Әсемов және Қаратау қаласының әкімі Дархан Баймбетов қала тұрғындарымен кездесті.

 Ұлттық рухты оятатын, үлкен өзгерістерге бастайтын, жаңа серпін және жаңа екпін беретін бұл жолдауды тарихи жолдау деп айтуға болады.

Аталған кездесуде саяси мәселелер, оның ішінде сайлау жүйесі, құқықтық жүйе, ел өңірлерін дамыту секілді мәселелер талқыланды. Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие болары сөзсіз.

 Кездесуде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

 

Талас аудан әкімдігі