Тәркіленген спирт кімге керек?

Павлодар облысының әкімі бірнеше жыл бойы арақ-шарап зауытында сақталып тұрған тәркіленген спирт мәселесін шешу жөнінде тапсырма берді. Себебі кәсіпорынды дамытуды қолға алуға дайын инвесторлар пайда болды.

Инвестицияларды тарту бойынша кеңес барысында мәлім болғандай, бүгінгі күні кәсіпорында 17 мың литрге жуық тәркіленген спирт сақталған.

– Осы спиртке байланысты мәселені қай уақытқа дейін созып жүреміз? – деп сұрады Болат Бақауов. – Спирт өзінің барлық қасиеттерін жоғалтқан да шығар! Ал бізде болса кәсіпорында жұмыс істегісі келетін инвесторлар бар. Олар кәсіпорынның жұмысы бойынша өзіндік жаңа көзқарастарын ұсынбақ.

«Стандарт» ЖШС директорының орынбасары Еркебұлан Мұсабеков айтып өткендей фирма арақ-шарап зауытының базасында дәрілік препараттарды шығаруды мақсат ететін Ресей компаниясымен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды.

– Ол үшін арнайы лицензия алынып, Павлодарда филиал ашылды,- деді ол. – Алайда тәркіленген спирт мәселелі жұмыстың басталып кетуіне жол бермей тұр.

Аймақ басшысы осы мәселені шешіп, фармацевтикалық өндірісті іске қосу бойынша жобаны жүзеге асыруды бастау жөнінде тапсырма берді.

Өз тілшімізден