Тасымалдаушы пайдаланылған автобустарды сатып алудағы мақсатын түсіндірді.
«АйсТрансХолдинг» ЖШС директоры Берік Жетпісбаев пайдаланылған автобустарды сатып алу бойынша жағдайға түсінік берді.
— Күрделі жағдай қалыптасқан. Қалада жолаушыларды тасымалдауға арналған автобустар жетіспейді. Осы жағдайды назарға алып, біз Алматыдан ұсталған автокөліктерді сатып алуды шештік. Бұл амалсыздан жасалған шара, — деді «АйсТрансХолдинг» ЖШС директоры Берік Жетпісбаев. – Біздің міндетіміз қалада қала қонақтары мен тұрғындары жолаушылар көлігін сағаттап күтетін көліктің жаппай жетіспеушілігіне жол бермеу болды.
Автобус паркі басшысының айтуынша бүгінгі күнге дейін желіге 40-42 бірлік автокөлік шығатын. Аталған тасымалдаушының негізгі қалалық маршруттар бойынша тасымалдауға құқығы барын ескерсек көліктің бұл саны жеткіліксіз.
— Қазір осы автобустарды сатып алғаннан кейін желідегі жолаушылар көлігінің саны 55-60 бірлікке дейін көбейді. Сатып алынған көліктердің жақсы күйде емес екенін мойындаймыз. Алайда біз бұл қадамға қаржылық проблемаларға байланысты бардық. Біздің салық, жалақы бойынша берешектеріміз болды. Қазір біз оларды жаптық деп түсіндірді Жетпісбаев.
Ол сондай-ақ алдағы екі аптада сатып алынған көліктерге жөндеу жүргізілетінін атап өтті. Бұл үшін барлық қажетті қосалқы бөлшектер, бояулар және т.б. бар.
— Жұмыстар басталып кетті. Бізге бір автобустың сыртқы бөлігін жөндеу және бес автобустың ішкі жұмыстарын жасау қалды. 15 күннен кейін барлық автокөлік тиісті түрге келтірілетін болады, — деп сендірді Берік Жетпісбаев.
Бұл автобустарды ағымдағы жылғы қараша-желтоқсанға дейін пайдалану жоспарлануда. Содан кейін олардың бір бөлігі есептен шығарылады. Содан соң тасымалдаушы жаңа автобустар сатып алуды жоспарлап отыр.
Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі