ТӘТТІ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ДӘРІХАНА АШЫЛДЫ

Меркі ауданы тұрғындардың тұрмыс табысын арттыру және жұмыспен қамтылған азаматтар санын ұлғайту, соның ішінде кәсіпкер жастарды қолдау мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда.
Тәтті ауылдық округінде көптен бері көтеріліп жүрген мәселелердің бірі округте дәріхана ашу жұмысы еді. Аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекен үшін тұрғындардың керекті дәрі-дәрмегін алу қиынға соғатын. Осыған орай Тәтті ауылында аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, «SultanPro 2022» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жетекшісі Ж.Қартхожаева кәсіпкерлік мақсатта дәріхана жұмысын қолға алған болатын.
14 шілде күні Тәтті ауылының орталығында дәріхананың ашылу салтанаты өтті.
Ашылу салтанатына ауыл әкімі Т. Әлметов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысып, лентасын қиды. Ауыл тұрғындары жаңа дәріхананың жұмысына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
Қосымша айта кетсек, Ж. Қартхожаева 2020 жылы мемлекеттік қайтарымсыз грант алса, кейіннен «Ауыл шарушылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы мал басын өсіріп дамыту үшін шағын несие алып, өз кәсібін дөңгелетуде.

Меркі Ауданы Әкімдігі