«ТАТУ ЕЛГЕ ТЫНЫШТЫҚ ОРНАЙДЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
Жылой ауданындағы «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен аудан әкімі жанындағы «Қоғамдық келісім» Кеңесінің бірлесе ұйымдастыруымен «Тату елге тыныштық орнайды» атты мерекелік шара өткізілді. Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталған шараны «Жастар ресурстық орталығының» бас маманы Дана Баймағамбетова ашып, алғашқы құттықтау сөз кезегін аудандық «Қоғамдық келісім» Кеңесінің төрағасы Нұрдәулет Ақназаровқа берді.
Бас қосуға арнайы шақырылған жергілікті тұрғындар корей ұлтынан Ванесса Югай мен Виктория Юн, неміс ұлтынан Сергей Баумгертнер, орыс ұлтынан Юля Симагина, татар ұлтынан Карина Асмадиярова, өзбек ұлтынан Гусейналы Шахинұлы және қазақ қызы Данагүл Қыдырбаевалар достық пен ынтымақ тақырыбында мазмұнды әңгімелер айтып, қазақ халқына деген жүрек жарды алғыс сезімдерін жеткізді. Сонымен қатар, олар өздерінің ұлттық тағамдарынан жиналғандарға дәм татырып, қолөнер бұйымдарын көрсетті. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і атынан келген қонақтарға гүл шоқтары ұсынылып, әр ұлт өкілдеріне Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын тапсырылды. Кездесу салтанатында аудандық «Қоғамдық келісім» Кеңесінің төрағасы Нұрдәулет Ақназаров татар халқының әнін нақышына келтіріп айтып берді. Мерекелік шара жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, бұл достық бас қосудан жылы естелік қалдырғаны анық.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ-нің
баспасөз қызметі