ТАУ ТҰЛҒА

Сұлтан Бейбарыс туралы фильм идеясы 1966 жылы ойға келіп, сценарий жазылып, басты рольде Шәкен Айманов ойнауға тиіс еді. Алайда, қыпшақ-қазақтың Мысыр елін басқарған сұлтаны болуы, кеңістік идеологтарға ұнамағандықтан, Мәскеу рұқсат берген жоқ. Тек Горбачев келіп ел демократияға бет бұрған 1989 жылы режиссер Болат Мансұров «Сұлтан Бейбарвс» атты екі сериялы кино түсірді.
Басты рольде ойнаған актер Нұрмұқан Жантөрин одақтық кино фестивалінде бас жүлде алды. 1966 жылдың өзінде Халық артисі атанған Н.Жантөрин 1928 жылы дүниеге келді. Отызыншы жылдары репрессия кезінде әкесі мен атасы халық жауы ретінде ұсталып кетті. Анасы Ғазиза ұлын аман алып қалу үшін төркініне барып паналап, соның тегіне өткізеді. Әйтпесе халық ұлы актерді Нұрмұхамед Ұлмурзин (Ұлмырза) деп танитын еді. Бет пішіні каллоритті актерге кезінде Қазақстанның халық суретшісі «Ботакөз» фильмінде басты рөлде ойнаған Гулфайруз Ысмайлова ғашық болған. Алайда Нұрмұқан ағамыз орыс қызына үйленгесін. Сұлу Гулфайруз әріптес суретші орыс жігітіне тұрмысқа шығады. Бірде Мұхтар Әуезов: «қазақтың сұлу қызысын неге орысқа шықтың?:- дегенде: «Сіздің де әйеліңіз орыс қой»-дегенде ұлы жазушы: «менің әйелім орыс болғанмен, баламның ұлты ҚАЗАҚ болып жазылады».- деген болатын.
Бақытжан — Абдул Түменбай тарихшы, журналист-дайджест